Қазақстанда «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында «Дала қыраны – «Көктем-2017» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы бірінші кезеңінің белсенді фазасы өтті. АҚШ және Ұлыбританияның әскери қызметшілерімен бірлесе қазақстандық бітімгершілер бітімгершілік миссиялардың тақырыптық мәселелерінің біртұтас кешенін пысықтады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Оқу-жаттығудың белсенді фазасын өткізу кезінде Қазақстан Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу орталығы босқындардың елестету лагерьлерімен нағыз бітімгершілік базаға айналды. Жасалған инфрақұрылым барлық жоспарланған іс-шараларды сапалы өткізу үшін шанайы жағдайда барынша жақындатылған түрде модельдеуге мүмкіндік берді. Оқу-жаттығуға қатысушылар жауапкершілік аймақтарын патрульдеу, блокбекеттерді орнату құралдары бойынша көлік магистральдарын бақылау, шерушілермен жұмыс жасау, бітімгершілік базаны күзету, жекелеген тұлғалар мен ізгілік жүктерді айдауылдау мен ілесіп жүру, сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мәселелерді пысықтады. Ұлыбритания Қарулы Күштерінің өкілдері қазақстандық әскери қызметшілердің, олардың ішінде, қойылған тапсырмаларды орындауда бітімгершілік батальонының жоғары дайындық деңгейін атап өтті. «Дала қыран» оқу-жаттығуы 2003 жылдан бастап өткізіліп келеді. Қазақ бітімгершілік батальонының әскери қызметшілеріне әрі қарай бітімгершілік миссияларға қатысу үшін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлерін жетілдіруге мүмкіндік береді. «Көктем-2017» соның алғашқы фазасы. «Дала қыраны-2017» оқу-жаттығуының негізгі фазасы шілденің 22-і мен тамыздың 4-і аралығында «Іле» полигонының аумағында өтеді. Қорытындысы бойынша НАТО елдерінің сарапшылары «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының бітімгершілік миссияларға қатысқаны үшін баға беретін болады.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы