Бейсенбі күні Қазақстанда 61 адамнан коронавирус, 231 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Екеуін қосқанда 5 қазақстандық қайтыс болған.
Республика көлемінде COVID ең көп науқас тіркелген аймақтар – ШҚО (18), одан кейін Қарағанды облысы (6). ДенМин мәліметінше, барлығы 107 590 адам ауырған, оның 102 мыңнан астамы емделген. Бірақ дерттің себебінен 1715 адам өмірден өткен.
Биыл жазда «маусым-шілде қырғынына» жол беріп алған Үкіметтің дерегінше, қазіргі таңда ковид жұқтырған 3 515 адам (1 804 – ауруханада, 1 711 – амбулаторлық бақылауда) емделіп жатыр. Арасында 40 жасөспірім-бала бар. Жағдайы нашарлаған 98 науқасты 13-інің ахуалы тым ауыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.
1 тамыздан бері коронавирус пневмониясымен 31 991 адам ауырып, 347 науқас көз жұмған (24 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 231, көз жұмғандар – 1).
1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 мыңға жуықтаса, 13 наурыздан бері билік мойындаған COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 107 мыңнан асқан.
ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда ауырғандардың саны 139 мыңнан асқан. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.
Пандемия басталғалы жалпы жиыны вирус жұққандардың 2,6 мыңнан көбі (КВИ+ / U07.1 – 1 715, КВИ- / U07.2 – 347, ілеспе аурулардан – 576) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 576 адамды жалпы статистикаға қосып есептемейді. Сарапшылар бұған қарсы. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі