Ұлыбритания мен БҰҰ 12 желтоқсанда «климаттың өзгеруіне қарсы күрес» саммитін өткізеді. БҰҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу Париж климат келісіміне қол қойылғанының бес жылдығына орай ұйымдастырылды.
Ресми хабарламада: «Соңғы зерттеулер парниктік газдардың концентрациясы рекордтық деңгейге жеткенін көрсетті. Осыған байланысты БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш пен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 12 желтоқсанда өтетін әлем көшбасшыларының кездесуіне тең төрағалық етеді», – делінген.
Париж келісімі 2015 жылдың 12 желтоқсанында климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенцияның 21-конференция қорытындысы бойынша қабылданды. Қатысушы елдер ғаламшардағы орташа температураның индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2100 жылға қарай Цельсий бойынша екі градустан жоғары көтерілуіне жол бермеуге келісті. Құжат, атап айтқанда, парниктік газдар өндірісін азайтуды көздейді. Ресейде келісім 2019 жылдың қарашада күшіне енген.