Түркия президенті Режеп Ердоған Құрама Штаттар жетекшілік ететін халықаралық коалицияның радикалды исламшылдарға қолдау білдіретініне дәлелі бар екенін мәлімдеді.
Reuters агенттігі хабарлағандай, Түркия лидері халықаралық коалицияны Таяу Шығыстағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына қарсы күрес жүргізбей отыр деп айыптады. Ердоғанның сөздерінше, қолында коалицияның радикалды исламшылдарға көмек көрсеткенін айғақтайтын суреттер мен видеожазбалар бар.
Сирияда Азаматтық соғыс 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасып келеді. Үкімет армиясы қарулы оппозициямен соғысып жатыр. АҚШ жетекшілік ететін террористерге қарсы коалиция "Ислам мемлекеті" тобына қарсы операция жүргізіп келеді. Түркия армиясы болса, Сирияның солтүстігінде күрд тобына қарсы соғысып жатыр.
centralasian.org

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр