«Үлкен жетілік» (G7) өкілдері оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты Ресей билігінен істі тергеп, кінәлілерді жазалауды талап етті.
Reuters агенттігінде жарияланған мәлімдемеде АҚШ департаменті: «Үлкен жетілік мүшелері – Канада, Германия, Жапония, Италия, Франция, Жапония, Америка өкілдері мен Еуроодақ тарапы Ресейдің оппозиционер Навальныйдың қастандықпен улануына қатысты ресми жауап талап етеміз. Біздің тарап Навальныйдың химиялық қарудан уланғанына толықтай сенеміз. Ал бұл жағдай – әлем үшін қауіпті», – делінген.
20 тамыз Томск қаласынан Мәскеуге бет алған оппозиционер саясаткер Алексей Навальный бортта жағдайы нашарлап, ұшақ дереу Омбы қаласына қонуға тура келген. Кейін жедел жәрдеммен оппозиционерді Омбыдағы ауруханаға жеткізген. Кейін Германия Навальныйды Берлиндегі ауруханаға әкету үшін арнайы санавиация жіберген. Бастапқыда Омбы дәрігерлері Навальныйды орнынан қозғауға болмайды деп оны Германияға жіберуден бас тартқан. Кейін омбылық дәрілерлер Навальныйды ауруханадан әкетуге рұқсат беріп, Навальный 22 тамызда Берлинге жеткізілді.
Осы оқиғадан кейін кешкісін Навальныйды қолдау мақсатында Мәскеу, Петербург, Новосибирск, Төменгі Новгород қалаларында ондаған адам наразылық өткізген. БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша, олардың көбін полиция ұстап әкеткен.
Өткен аптада Германия үкіметі неміс әскери токсикологтары Алексей Навальный «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегіден уланғанын хабарлады. Кейіннен Германия канцлері Ангела Меркель Ресейдің бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасауын талап етті.
Негізінен 2018 жылы 4 наурызда Ресей Федерациясы Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегі арқылы уланған болатын. Аса қауіпті химиялық қарудың Ресейде жасалынғаны анықталып, АҚШ пен Ұлыбритания бұл істе тікелей Ресейді айыптады. Осы жағдайларды есепке алған шетелдік басылымдар «Путиннің төлқұжаты – химиялық қару «Новичок» деп жазған.