Еуроодақ құрамындағы ел басшылары, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен Франция президенті Эммануэль Макрон ресейлік оппозиционер Навальныйдың улануын талқылады. Британ кабинет басшысының кеңсесі таратқан мәлімдемеде тараптар Мәскеуден түсініктеме беруді талап еткені айтылады.
Премьер-министр мен президент Макрон Алексей Навальныйға жасалған шабуылға наразылық білдіріп, Ресей оппозиция жетекшісінің неліктен уланғанын зерттеуді талап еткен. Макрон өзінің Twitter парақшасында: «Біз мигранттар тасымалдаушыларымен күрес саласындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға ниеттіміз. Біз Алексей Навальныйдың улану жағдайын, Ливандағы ахуалды және ЕО мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты талқыладық», – деп жазды.
Өткен аптада Германия үкіметі неміс әскери токсикологтары Алексей Навальный «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегіден уланғанын хабарлады. Кейіннен Германия канцлері Ангела Меркель Ресейдің бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасауын талап етті.
20 тамыз Томск қаласынан Мәскеуге бет алған оппозиционер саясаткер Алексей Навальный бортта жағдайы нашарлап, ұшақ дереу Омбы қаласына қонуға тура келген. Кейін жедел жәрдеммен оппозиционерді Омбыдағы ауруханаға жеткізген. Кейін Германия Навальныйды Берлиндегі ауруханаға әкету үшін арнайы санавиация жіберген. Басында Омбы дәрігерлері Навальныйды орнынан қозғауға болмайды деп оны Германияға жіберуден бас тартқан. Кейін омбылық дәрілерлер Навальныйды ауруханадан әкетуге рұқсат беріп, Навальный 22 тамызда Берлинге жеткізілген.
Осы оқиғадан кейін кешкісін Навальныйды қолдау мақсатында Мәскеу, Петербург, Новосибирск, Төменгі Новгород қалаларында ондаған адам наразылық өткізген. БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша, олардың көбін полиция ұстап әкеткен.
2018 жылы 4 наурызда Ресей Федерациясы Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегі арқылы уланған болатын. Аса қауіпті химиялық қарудың Ресейде жасалынғаны анықталып, АҚШ пен Ұлыбритания бұл істе тікелей Ресейді айыптады.