Қазақстан Үкіметі 44 күн өткенде БАҚ өкілдерінің талап етуінен кейін коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болып, жалпы статистикаға енбей қалғандардың саны туралы деректі жаңартты.
Астанадағы ОртКом қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов 23 шілдеден бері белгісіз болып келген, бойынан вирус табылғанымен, ілеспе-жанама аурудан қайтыс болғандардың саны 237-ге артқанын мәлімдеді. Соңғы мәрте бұл дерек осыдан 44 күн бұрын 319 болғаны айтылған. Қазіргі таңда жалпы есебі 556-ға жеткен.
«Өлім-жітім жағдайына сараптама жасайтын арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес 556 адам жанама немесе ілеспе аурулардың кесірінен қайтыс болды», – деді Қожахметов.
Ресми статистикаға сәйкес, коронавирус пен оған ұқсас пневмонияның салдарынан 1 917 қазақстандық (U07.1 - 1 612, U07.2 - 305) өмірден өткен. Бұдан өзге 556 адамды қоса есептегенде, вирус жұқтырып қайтқандардың жиынтық саны 2 473 болады. Ал билік мойындаған науқастардың жалпы есебі 132 мыңнан асқан.
QT редакциясы көп айтыла бермейтін, сол себепті көлеңкеде қалып қоятын құрбандардың дерегін пандемия басталғалы бері ДенМиннен тұрақты түрде сұратып келеді. Дегенмен министрлік ешбір түсіндірмесіз кешіктіріп немесе жауапсыз қалдырып отырған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел