Жаһандық індеттің жай-күйін бақылап отырған Жон Хопкинс Университеті әлемде коронавирустың таралуы барған сайын күшейіп бара жатыр деген қорытынды шығарды. Аталған университеттің есебінше, соңғы 20 күн ішінде әлемде 5 млн адамға індет жұққан.
Мамыр және маусым айларында 38 күн ішінде әлемде індет жұқтырушылар 5 млн адамнан 10 млн адамға жетіп еді. Бұл шаманы тамыздың ішінде 20 күн ішінде қайталаған.
Қазір індет әлемнің 184 мемлекетіне таралып, дүние жүзінде 851 мыңнан астам адам көз жұмды. Вирус ең кең тараған құрылық ретінде Солтүстік Америка аталып тұр, онда 7,3 млн адам індет жұқтырған. Одан кейін Азия құрлығында 7 млн адам, Оңтүстік Америка 6,25 млн адам, Еуропа 3,5 млн, Африка 1,25 млн адам індет жұқтырған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі