Джон Хопкинс Университеті әлемде қазіргі таңда 25 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды деп хабарлады. Сонымен қатар АҚШ-та жексенбіде 6 миллионға жуық кейс тркелген.
Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, жақында Орта батыстағы төрт штатта коронавирустың бір күндік рекордтық көрсеткіші туралы хабарлады: Айова (785), Солтүстік Дакота (375), Оңтүстік Дакота (425 адам) және Миннесота (1000 адам).
Сонымен бірге Монтана мен Айдахода ауруханаға түскен COVID-19 пациенттерінің саны да рекорд орнатқан.
Жаңа кейстардың көбеюі үлкен жиындардан басталуы мүмкін. Айова штатында Айова университеті мен Айова штатының коледжы орналасқан аймақта көптеген жаңа жағдайлар тіркелген. Себебі, Екі оқу орнындада сабақ басталған.
Reuters-тің хабарлауынша, Америка Құрама Штаттары әлемдегі коронавирусқа байланысты өлім-жітім саны бойынша көш басында, 183000-ға жақындады, бірақ жан басына шаққанда өлім саны 11-ші орында, АҚШ-тың алдында тұрған елдер Швеция, Бразилия, Италия, Чили, Испания, Ұлыбритания, Бельгия және Перу.
Бүгін Францияда балалар мектепке оралады, бірақ елдің білім министрі жексенбіде мәлімдемесінде өсіп келе жатқан COVID-19 инфекциясы балаларға қауіп төндіретінін айтты.
Францияда күн сайын мыңдаған адам вирус жұқтыруда. Сабақтардың басталуға жақын, ал француз дәрігерлері қатаң шараларды жалғастыруда, соның ішінде 6 жастан асқан оқушыларға бетперде тағуды және кейбір мекемелерге онлайн білім беруді талап етуде.
Жексенбіде Үндістан да 24 сағат ішінде 78,761 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланды, бұл пандемия басталғаннан бері әлемдегі бір күнде індет жұқтырған адамдардың ең көп көрсеткіші, және ел әлі де өз экономикасын ашық ұстауда. Бұл Үндістанда қатарынан төртінші күн 75000-нан астам адам тіркелген.
Үндістанда тәулігіне 1000-ға жуық өлім жағдайы туралы хабарлады. Осы уақытқа дейін 63 мыңнан астам үндістандық осы аурудан қайтыс болып, әлемде төртінші орында тұр.