Германия СІМ Беларусь елшісін қабылдап, елдегі ахуалға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы бейсенбіде DPA агенттігі хабарлады.
Елшіге ФРГ үкіметінің Беларусьтегі қазіргі жағдайға қатысты ұстанымы түсіндірілді. Неміс Сыртқы істер министрі Хейко Маас Беларусь билігіне Еуроодақ тарапынан қысым жасауды күшейту қажеттілігі туралы айтты.
Германия үкіметі Беларусьтегі президент сайлауының демократиялық жолмен өткеніне күмән келтіріп, Лукашенконың кезекті жеңісін мойындамайтынын айтты. Ресми Берлин дауыс беру «демократиялық сайлаудың минималды стандарттарына сәйкес келмеді» – дейді.
9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Ресми мәліметке сәйкес, президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша, қазіргі басшы Александр Лукашенкоға сайлаушылардың 80%-ы дауыс берген, оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 10% дауыс алған. Наразылар сайлау нәтижесі бұрмаланды деп есептейді.
Беларусьте сайлауға дейін мерзімінен бұрын дауыс беру өтті. Мұндай норма ел заңымен қарастырылған, бірақ құқық қорғаушылар мен халықаралық бақылаушылар бұл әдісті қатаң сынға алды. Олардың пікірінше, үкімет дауыс беру нәтижелерін қолдан жасау тәсілін пайдаланған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді