Ливан астанасындағы жойқын жарылыстың салдарымен күреске әлем елдері өз мамандарын аттандырып жатыр.
Франция Ливанға үш әскери ұшақ жіберді. Азаматтық қорғаныс саласының 55 маманы 15 тонна дәрі-дәрмек, санитарлық материалдар, сондай-ақ 500 науқасты қабылдауға арналған мобильді пост жеткізеді. Жақын күндері Ливанға жедел жәрдем дәрігерлері аттанады.
Франция жарылыс фактісі бойынша өз тергеуін бастады, өйткені Бейруттағы қайғылы оқиғадан бесінші республиканың 21 азаматы жараланды.
Ал алғашқылардың бірі болып Германия 47 адамнан тұратын бір топ құтқарушысын жіберді. Арнайы құралдармен жабдықталған мамандар қалалық жерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындалған. Бұдан бөлек, ресми Берлин Еуроодақ шеңберінде де көмек көрсетілетінін жеткізді.
Ұйым миссиясы аясында Ливан астанасына Чехия елі де 37 маманын аттандырып үлгерді. Жалпы Еуроодақтың құтқару шарасы бойынша Бейрутке 100-ден астам маман баруы тиіс.
Сонымен қатар Америка, Түркия, Араб елдері Ливанға көмек жіберген.
4 тамызда Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шеккен. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр