Женевада өткен отырыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген халықаралық төтенше жағдай режимін тағы үш айға ұзартты.
ДСҰ-ның мұндай шешім қабылдауына әр мемлекеттегі статистикалық деректердің артуы себеп болған. 1 тамызда 290 мың адам вирус жұқтырып, жаңа антирекорд орнады.
Ұйым инфекциямен күресті жалғастыруға және ғылыми зерттеулерге қолдау керсетуге шақырды. Мамандар пандемия жүз жылда бір болатын құбылыс және бұл жолғы індет ұзақ уақытқа созылады деп болжады.
ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус: «Соңғы алты аптада ауру жұқтыру дерегі екі есе артқан. 30 қаңтарда төтенше жағайда жариялағанда, Қытайдан тыс жерде тіркелген науқастар саны жүзден аспайтын және одан ешкім көз жұмған жоқ еді. Халықаралық санитарлық ережелерге сәйкес, төтенше жағдай бойынша комитет жиынын өткіземін. Ол пандемияға байланысты жағдайды қайта бағалауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта әлем бойынша COVID-19 вирусын 17,8 миллионнан астам адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны – 685 179. Өткен аптада ДДҰ-ның пандемияға байланысты төтенше жағдай жариялағанына жарты жыл толады. Коронавирустың жаңа толқыны белең алған мемлекеттер карантин талаптарын қайта күшейте бастады. Олардың қатарында бірқатар Еуропа, Латын Америкасы елдері және Аустралия бар.