Британ-Қытай дипломатиялық қайшылығы күн санап ушығып келеді. Бір күн бұрын Британия үкіметі Гонконгта Шетелдегі Британ Азаматы (BNO) төлқұжаты бар тұрғындарға жаңа арна ашқанын мәлімдеді. Бейжің Лондонның бұл әрекетін саяси арандату деп айыптады.
Бриьан үкіметінің өкілі Прити Пател жасаған мәлімдемеде, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап BNO төлқұжаты бар Гонконг тұрғындарының Британияға виза алу үшін өтініш бере алатынын жеткізді. Бұл виза арқылы Гонконг тұрғындары Британ азаматы болуға да өтініш бере алады.
Лондон билігінің бұл әрекетін айыптап, Қытай тарабы қатаң жауап қайтаратынын айтты. Қытай СІМ-і таратқын мәлімдемеде Британияға жауап ретінде ұлттық төлқұжатын Қытай территориясында жарамсыз етуі де мүмкін екені айтылған.
Бейжің тарап сондай-ақ, Лондон шешімі саяси арандату қатарында бағаланатынын айтса, Британ билігі Бейжіңнің Гонконгқа енгізген жаңа "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңы екі ел арасындағы және халықаралық ортақ келісімдерге қайшы екенінін алға тартады. Бұл Британ-Қытай қатынасының күрделі дипломатиялық қайшылыққа бет бұрғанын көрсетеді. Оқиғалардың дамуына қарап, алдағы уақытта тараптар бір-бірінің елшіліктерін жабуы да, тіпті асқына түссе дипломатиялық қатынастарын үзуі де мүмкін.