Ұлыбритания сыртқы істер министрі Д. Рааб жексенбід Шыңжаңдағы адам құқықтарын бұзыуына байланысты Қытайға қарсы санкциялар салатынын мәлімдеді. Бұған дейін Британ-Қытай қатынасы Гонконг мәселесі және қытайлық "Хуавей" компаниясының өнімдерін шектеу мәселесі бойынша шиеленісіп тұрған болатын.

Британ СІМ басшысы BBC-ге берген сұхбатында Қытай үкіметі Шыңжаңда адам құқығын өрескел бұзып отырғанын айыптаған және 27 ел БҰҰ конференциясында Қытай үкіметінен Шыңжаң мен Гонконгта адам құқықтарын бұзуды тоқтатуды талап ететінін жеткізген.

Рааб сондай-ақ, дүйсенбіде (20 шілде) Ұлыбритания Парламентіне Қытайға қарсы жаңа шаралар ұсынатынын алға тартты.

Бұдан бұрын M16 агенттігінің бұрынғы басшысы Қытаймен қарым-қатынасты қалпына келтіру туралы үндеуіне жасаған болатын. Ағылшын СІМ басшысы бұл жөнінде: "Ұлыбритания дұрыс қарым-қатынасқа үміткер. Қытаймен сауда, инвестиция және климаттың өзгеруі сияқты мәселелерде ынтымақтастық сақтайды. Бірақ, Гонконг пен Huawei секілді түбірлі мүддеге саятын мәселелерде Қытайға өзінің ұстанымын нақты білдіруі керек", - деген пікірін білдірген. Ол сөзінде ендігі жерде Ұлыбритания-Қытай қатынасы бұрынғыдай болмайтынын ашық айтқан.

Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Лю Шяумиң (Лю Сяоминг) BBC-ге, ұйғырлардың басым көпшілігі бақытты өмір сүріп жатыр және Қытайда этникалық азшылық топтарға бірдей қарайды деген мағына пікір берген. Ол және Ұлыбритания Қытайға санкция салса, Қытай қатаң жауап қайтаратынын ескерткен.

"The Qazaq Times"