Осы аптада АҚШ президенті Д.Трамп «Гонконг туралы заңға» қол қойды. Заң бойынша АҚШ мемлекеттік департаменті 90 күн ішінде санкция салынатын Қытай азаматтарының тізімін жасауы керек.

Санкция талабына сай қытайлық жеке тұлғаның және отбасы мүшелеріне АҚШ территориясына кіруне шектеу қойыады және қаржылық есептері мұздатылады.
Bloomberg News сәрсенбіде АҚШ үкіметтіне сілтеме жасап, Гонконгтың атқарушы директоры Кэрри Лам мен Қытай Премьер-министрінің орынбасары Гонконг пен Макао істерін басқаратын Хань Чжэннің санкция тізіміне қосқаны туралы ақ үйге хабарланғанын, алайда бұл шешімді президент Трамп қазір жарияламайтнын айтқан.

New York Times өткен тәулікте көптеген ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып жариялады, Трамп әкімшілігі ҚКП мүшелері мен олардың отбасыларының АҚШ-қа кіруіне толығымен тыйым салатын, соның ішінде Құрама Штаттарға кірген және Қытай азаматтары мен олардың отбасы мүшелерінің визаларын алып тастай алатын Қытай азаматтарын шектейтін заң жобасы әзірленуде деп мәлімдеді.

Алайда,  Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі жоғарыдағы ақпаратты растамады. Бірақ Қытай азаматтарына қатысты санкциялар туралы әзірге шешім қабылданбағанын айтты. Қытай Комунистік Партиясының жалпы саны 300 миллионға жуық, сол себепті америкалық сарапшылар 300 миллион қытайлықтың АҚШ-қа кіруін шектеу іс жүзінде қиын, алайда, партия мүшелерінің көпшілігі саясатқа араласпайды дейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ пен Қытай Шыңжаңдағы адам құқықтары және басқа да дауларға байланысты өзара визалық санкцияларды енгізді.
АҚШ Президент Трамп «Гонконг туралы» заңға қол қойылғанын жариялай салсымен Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Ақ үйге «Гонконг Автономиясы туралы» заңды іске асырмауды ескертті, заң орындалған жағдайда «Қытай міндетті түрде қатаң жауап береді»деді.Қытай жауап ретінде АҚШ-тың қызметкері мен обектлеріне санкциялар салу болмақ.

"The Qazaq Times"