Келесі аптадан бастап көктемдегі карантин қайта жарияланбақ.
Президент Тоқаев елде індет өршіген тұста Twitter желісінде «Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды» деп мәлімдеді.
Оның жазуынша, 2 шілдеде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның жиынынан кейін түсініктеме бермек.
Елде жаздың басынан вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп, осы аптаныңдүйсенбісінде Тоқаев үкіметке елде «наурыз-мамырдағыдай» қатаң карантин шарасын қайта қолға алуды тапсырған. 29 маусым күнгі кеңесте мемлекет басшысы коронавирус өршіп кеткенін мойындап, қала, өңір әкімдері мен министрлерге ескерту жасап, сөгіс берген.
Күні кеше, маусым айының соңғы күнінде жуырда ғана тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде жарты айдан-төрт аптаға дейін қатаң карантин жариялауды ұсынды. Жаңа министрдің болжамына қарағанда, бір айлық карантин енгізілген жағдайда жаздың соңына қарай ең «тәуір сценарий» бойынша тәулігіне 2,5 мың адамдай тіркелуі ықтимал. Ол егер карантин қайта болмаса, тамыз айының ақырында «елде күніне 27 мың адам вирус жұқтыратынын» айтып дабыл қаққан.
13 наурыздан бері Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны 41 мыңнан, ал COVID-19 инфекциясының тура-жанама әсерінен қайтыс болған құрбандар саны 200-ден асқан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды