Қытайлық мамандар тымау вирусының жаңа түрін анықтады. Олар бұл вирус жаңа пандемияға алып келуі мүмкін деп қауіптенуде.
Қытай зерттеушілері бұл вирустың жақында ғана пайда болғанын және шошқа арқылы тарайтынын, сондай-ақ, адамға жұғу қаупінің бар екенін анықтаған. Егер вирус бейімделгіштікпен (мутация) адамдарға тарап кетсе әлемдік жаңа індетке айналуы бек мүмкін.
Қытайлық вирус зерттеуші мамандар дәл қазір жағдайдың үрей тудырарлықтай емес екенін, бірақ жіті қадағаламаса қауіпті індетке ұласып кету мүмкіншігі күшті.
Әлем шошқа тымауына бұдан бұрын да тап келген. 2009 жылы Мексикада тараған шошқа тымауы осыған ұқсас. Вирус тез тарағыш болғанымен, тымау вирусына ұқсас болғандықтан адамдардың оған қарсылық қуаты көмектесе алған. Бірақ, бұл рет Қытайда табылған вирус оған мүлде ұқсамайды. Адамдар арасында тараса табиғи иммунитет арқылы еңсеру қиын болмақ.
Қытайда жаңа вирус байқалып жатқанда, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасап, коронавирус пандемиясының қауіпті кезеңдері әлі алда деп көрсетті. Ұйымның білдіруінше, егер үкіметтер дұрыс шара қолданбаса вирус өздігінен тоқтап қалмайды.