BBC журналистінің сұрағына жауап берген Сау Арабия Қорғаныс министрлігінің өкілі Йеменде халықаралық тиым салынған миналарды қолданғанын мойындады. Бұл туралы Иранның «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр.
Осыдан бұрын халықаралық ұйымдар Сауд Арабия армиясының Йеменде әскери емес көптеген азаматтардың өліміне себепкер болған, қолдануға тиым салынған жарылғыш минаны пайдаланғанын айтып айыптаған болатын. Алайда Сауд аримсы бұл айыпты теріске шығарып келген. Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігінің өкілі BBC арнасына берген жауабында «Жарылғыш миналар химиялық қару емес, әлемдегі көптеген елдердің армиясы қолданатын қарудың бірі», – деп жауап берді.
Сауд армиясының Йемендегі әрекеттерінен және экономикалық қыспағынан Йемендегі 20 млн-ға тарта халықтың тікелей гуманитарлық көмекке зәру болып отырғаны әлемге белгілі болды. Ал Сауд Арабия қарулы күштері қолданған шектеу салынған миналарды қолданды деген айып, Йеменде табылған осы текті жарылмай қалған миналардың табылғанынан кейін қойылған еді. Халықаралық ұйымдар Сауд Арабия қарулы күштерін Йеменді «мина атызына» айналдырды деп айыптаған болатын.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы