Беларусь президенті Александр Лукашенко үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы Белта сайты хабарлады.
Президент өткізген арнайы кеңеске Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова, Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко, Президент Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенко және Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Андрей Равков қатысты.
Үкіметтің жаңа құрамын жасақтау туралы Лукашенко 3 маусымда айтқан болатын. Лукашенко жергілікті басылымдарға сұхбатында «үкіметті ауыстыруы кезінде елде ешқандай революция болмайды, тек кадрларды жаңартамыз» – деді. Президент қаулысы ресми жарияланған соң күшіне енеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті