1 маусымнан бастап Қазақстанның қалаларындағы блок-бекеттердің жұмысы тоқтамақ. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің транспорт комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжановтың сөзінше, 5 маусымнан бастап қалааралық автобустар қатынай бастайды.
Қазақстанда барлығы қалааралық 313 маршрутта 88 тасымалдаушыға қарасты 610 автобустар жұмыс істейді.
«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы блокбекеттерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес 5 маусымнан бастап тасымалдауды қайта бастау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезіндегі тиісті жұмыс алгоритмі бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленген, маршруттың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізілуі тиіс, жолаушыларға тек маскамен кіруге рұқсат беріледі», – деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, әкімдіктер тасымалдау процесіне қатысушылардың алгоритмді сақтауын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы