The Qazaq Times порталының Talk-TOR сұхбат жобасының қонағы болған саясаткер Дос Көшім соңғы кездегі өзекті болған бірқатар сұрақтар төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Былтырғы президент сайлауынан тартып, қазіргі партия құрушы топтар, соның ішінде Жанболат Мамай, Ержан Тұрғымбай, Ахметбек Нұрсила қатарлы белсенділерге қатысты және азаматтық қоғам белсенділердің әрекеттеріне баға берді.