Әлем індетке тап келіп жатқанда Оңтүстік Корея парламен сайлау өткізді. Сайлау ел азаматының 66 пайызының қатысуымен өткен. Нәтижесі бойынша президент Мүн Жайынның билік партиясының ұпайы басым.
Біріккен Демократиялық партия парламенттегі 300 орынның 166 орынын иелеген. Бұған президеньке жақтас өзге партиялардың 17 орнын қосса Парламенттегі билік партиясының салмағы асып тұр.
Парламент сайлауын өткізуге 550 мың әскерден тұратын армия толық тартылған. Дауыс беруге құқы бар азаматтардың 66 пайызы кезекті сайлауға қатысқанына қарап ел азаматтарын індет жағдайы алаңдатпағанын байқаймыз.
Дегенмен, 14 мыңнан астам дауыс беру учаскелерінде індетке қарсы сақтық шаралары қатаң сақталған. Дауыс берушілер дене температурасын тексертіп, қолдарына дезинфекция жасағаннан кейін ғана қолғаптарын киіп дауыс берген.
Айта кетері, Оңтүстік Корея тарихында бірде бір сайлау мерзімінен тыс немесе кешіктіріліп көрген емес. Тіпті, Оңтүстік-Солтүстік Корея арасында соғыс болып жатқан 1952 жылы да президент сайлауы өткен болатын.