Dadax комерциялық емес компаниясына қарасты Worldometer статистикалық ақпарат базасы және Roylab Stats youtube арнасының соңғы дерегі бойынша, әлемде қатерлі вирусқа шалдыққандар саны 2 милионнан асты. Сондай-ақ 127 мыңға жуық науқас қайтыс болса, жарты миллиондай адам дертінен айықты.
Коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 10 мыңнан асқан 23 ел (Дереккөз: Worldometer)
| Елдер | Науқастар саны | Қайтыс болғандар |
| Әлем бойынша | 2 млн | 126,739 |
| АҚШ | 614,211 | 26,064 |
| Испания | 174,060 | 18,255 |
| Италия | 162,488 | 21,067 |
| Франция | 143,303 | 15,729 |
| Германия | 132,210 | 3,495 |
| Ұлыбритания | 93,873 | 12,107 |
| Қытай | 82,295 | 3,342 |
| Иран | 74,877 | 4,683 |
| Түркия | 65,111 | 1,403 |
| Бельгия | 31,119 | 4,157 |
| Нидерланды | 27,419 | 2,945 |
| Канада | 27,063 | 903 |
| Швейцария | 25,936 | 1,174 |
| Бразилия | 25,684 | 1,552 |
| Ресей | 21,102 | 170 |
| Португалия | 17,448 | 567 |
| Австрия | 14,226 | 384 |
| Израиль | 12,046 | 123 |
| Үндістан | 11,487 | 393 |
| Ирландия | 11,479 | 406 |
| Швеция | 11,445 | 1,033 |
| Оңтүстік Корея | 10,591 | 225 |
| Перу | 10,303 | 230 |
Сонымен бірге COVID-19 індетінің таралу қарқыны көпті алаңдатып отыр. Оның динамикасы:
- 10 қаңтар-8 наурыз – 0 – 100.000 науқас;
- 18 наурыз – 200.000 науқас;
- 21 наурыз – 300.000 науқас;
- 24 наурыз – 400.000 науқас;
- 26 наурыз – 500.000 науқас;
- 28 наурыз – 600.000 науқас;
- 29 наурыз – 700.000 науқас;
- 31 наурыз – 800.000 науқас;
- 1 сәуір – 900.000 науқас;
- 2 сәуір – 1 000.000 науқас;
- 8 сәуір – 1 500.000 науқас;
- 15 сәуір – 2 000.000 науқас.
Қазіргі таңда қатерлі дерттің таруын тоқтату және алдын-алу мақсатында ДДСҰ-ның дерегінше, 50-ге тарта вакцина үлгісі дайындалып жатыр. Бірақ оның ішіндегі ең дұрыс, пайдалы нұсқасын анықтап, өндіріске жіберуге дейін кемі жарты жыл керек көрінеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді