Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам: Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 4 адам тіркелді. Ведомствоның ресми дерегінше, дертке шалдыққандардың саны 700-ден асты.
Нақтырақ айтқанда 704 кейс. Олар елдің барлық өңірінен:
- Астана – 222;
- Алматы қаласы – 119;
- Шымкент қаласы – 20;
- Ақмола облысы – 42;
- Ақтөбе облысы – 11;
- Алматы облысы – 10;
- Атырау облысы – 36;
- Шығыс Қазақстан облысы – 6;
- Жамбыл облысы – 45;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Қарағанды облысы – 55;
- Қостанай облысы – 3;
- Қызылорда облысы – 69;
- Маңғыстау облысы – 5;
- Павлодар облысы – 1;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
- Түркістан облысы – 33.
Десе де осы уақыт аралығында ем алғандардың бірқатары дертінен айығып, үйіне жіберілген. 51 адам сауығып шыққан. Олар: астанада – 28, Алматы қаласы – 21, Ақтөбе облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам.
Ең өкініштісі, індет етек жая бастағаннан-ақ Қазақстанда 6 адам қайтыс болды. Астана мен Шымкентте, Қарағанды және Түркістан облыстарында бір-бірден, ал Ақмола облысында екі кісінің өлімін билік бұрынғы ауруларымен байланысты түсіндіреді.
Елде алғашқы науқас 13 наурызда тіркелді. 27 күнде жеті жүзден асты.