7 сәуірде Қазақ Телеграф агентігі Қазақстан үкіметінің жер учаскелерін тегін берілетін отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар тізіміне Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер қарамағындағы кәсіпорындарды қосуды қарастырып жатқанын жазды.
Осыған орай белгілі саясаткерлер мен қоғам белсенділері «Халық карантинде тыпыр етпей жатқанда, билік тағы да жер мәселесін тықпалай бастады. Мынау құжаттың жобасы заң күшіне енетін болса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер (Ресейден басқа кім болсын?) қазақтың жерін су тегін иеленуі мүмкін, Қатаң карантин кезінде қандай қоғамдық талқылау болмақ? Қазақтың жерін Назарбаевтің жүйесі саудаға шығармақ! Қазақтың жерін шетелдіктерге беру мәселесін қайтадан көтермек! Бұл Қазақстанның жеріне тек қана Қазақстанның азаматтары ғана иелік етуі керек» деп наразылықтарын білдіріп әлем желі арқылы өз қарсылықтарын танытып жатыр.
Ақпараттық әгенттіктің жазуынша: «Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы: (...) көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскелері тегін берілетін отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың тізіміне енгізу үшін отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды іріктеу өлшемдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: (...) 2) тармаққа төмендегіде өзгерту енгізілсін: 2) еуразиялық мемлекеттердің мүшелерін қоспағанда, шетелдіктің үлесі жоқ кәсіпорын; экономикалық одағы «, - Yкiметi қаулысының жобасын көрсетілген.
Үкімет бұл тізімге «KamLitKZ» ЖШС-ны(Қостанай қаласында қуаттылығы жылына 50 мың тонна құйылған автомобиль компоненттерін құрайтын темір құю зауытының құрылысы) және
«ТоболКЗ» ЖШС (қуаттылығы жылына 86 мың данаға дейін жүк машиналарының жетек біліктерінің беріліс қораптарын шығаратын зауыт) қосуға ниетті.
Қарар жобасы 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.