Бүгін белгілі ақын, қазақ әбиетінің көрнекті өкілі, журналист Аманхан Әлімұлы 68 жасында қайтыс болды.
Аманхан Әлімұлы 1952 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетін (1980), М.Горький атындағы бүкілодақтық Әдебиет институтының жоғарғы курсын (1993) бітірген. "Қазақ әдебиеті", "Түркістан", "Заң" газеттерінде қызмет істеген. 2012-2020 жылдар аралығында "Ақиқат" журналының бас редакторы қызметін атқарған. Биыл қаңтардан бері "Ақиқат" журналының шолушысы болып қызмет етті.
Ол қазақ әдеби сын жанрының дамуына үлес қосты. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленді, журналистикада әдеби, танымдық және саяси-әлеуметтік мәселелер бойынша зерттеулерімен танылды. Мұқағали Мақатаев атындағы әдебиет сыйлығымен, 2019 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.
"Кездесу", "Жанымның жапырағы" (1989), "Ай нұры алақанымда" (1996) жыр жинақтарының авторы. Соңғы жылдары "Махаббатым менің", "Жанымның жапырағы", "Бес қоңырау", "Кездесу", "Өткірдің жүзі" атты публицистикалық және өлеңдер жинағы жарық көрген.
Ауыр қазаға байланысты редакция атынан қазақ әдебиеті мен баспасөзінің оқырмандарына және ақынның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!
Қаламгердің соңғы сұқбаттарының бірі:

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті