Коронавирус пандемиясының өршуі себепті Еуропалық одақ пен Шенген аумағына кіретін елдердің шекарасы жабылады. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон телеүндеуде хабарлады.
Франция президенті сөзінде: «Кез келген жиналыстар, отбасылық мерекелердің ұйымдастырылуына тыйым салынады. Биліктің бұған дейін қойған шектеулеріне қарамастан, халық санитарлық нормаларға сәйкес талаптарды орындамай жатыр. Көшеге шығуды да доғару керек. Барынша сақануға тырысайық», – деді.
Шектеу 30 күнге созылмақ. Сонымен қатар жергілікті билік азаматтардың ел ішіндегі қозғалысын да шектеді. Ереже бүгіннен бастап күшіне еніп, 15 күнге жалғасады.
Франция үкіметі кешеден бері шағын кәсіпорындар үшін комуналды төлемдер мен салықты уақытша төлемеуге рұқсат берді. Қазір елде барлық оқу орындары, мейрамханалар, спортзалдар мен кітапханалар жабық. Соңғы деректерге сәйкес Францияда 6,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Ал 148 науқас осы дерттен көз жұмды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер