Коронавирус қаупінен елде жарияланған төтенше жағдай кезінде халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі ірі ойын-сауық және сауда-саттық орындарының жұмыс кестесі жөнінде мәлімдеме жасады.
«Біріншіден, ірі сауда нысандары таңғы сағат 10-нан кешкі 18:00 дейін ғана жұмыс істегені жөн. Осы аралықта санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр, балалар орталығы, кез келген ойын-сауық алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей береді. Тек санитарлық дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Нан және кондитер өнімдерін тысы оралған күйінде сатқан дұрыс. Екіншіден, азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істейді», – делінген ведомство хабарламасында.
Қазақстанда бірінші рет республика көлеміндегі төтенше жағдай хабарланды. Соңғы дерек бойынша, елде коронавирус табылған 9 науқас тіркелді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы