АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың жаңа түрі COVID-19 дертін тексеру үшін медициналық тест тапсырды.
Ақ үй басшысының жеке дәрігері Шон Конлидің айтуынша, президент дертке шалдықпаған. Бразилия президенті Жаир Болсонарумен Флоридада өткен кездесуден кейін республикалықтар Трамптың тексерілуін талап еткен болатын. Себебі екі ел басшысының кездесуінен кейін Бразилия делегациясының бес мүшесі мен Флорида мэрінің вирус жұқтырғаны мәлім болды. Ал Бразилия президенті коронавирусқа шалдықты деген күдікке іліккен.
Трамп бұған дейін тест тапсырудан бас тартқан. Америкалық БАҚ пен Сенат өкілдерінің талабынан кейін АҚШ президенті сараптамадан өтуге келісім берген. Бұған дейін «вирус жұқтырды» деген хабар тараған соң, арнайы тексерістен өткен Жаир Болсонарудың да вирус жұқтырмағаны белгілі болды.
Айта кетейік, әлем бойынша COVID-19 пандемиясына 153 мыңнан астам адам шалдықса, 5747 адам өлген. АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны – 2798, қайтыс болғандар саны – 69 адам.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті