Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо көпшіліктен «оқшауланып», карантинге жатқызылды.
Live mint мәліметінше, шенеуніктің жұбайы София Трюдо коронавируске шалдыққан. Ол 12 наурызда Ұлыбританиядан Канадаға келген. Вирус симптомдары байқалып, тексерістен өткен соң, COVID-19 жұқтырды деген диагноз қойылған. Сол себепті онымен байланыста болған премьер Джастиннің отбасы және өзге де адамдар карантинге алынды.
Канадада қауіпті дерттен сақтану шаралары күшейтіліп, алдағы аптаға жоспарланған шаралар кейінге қалдырылды. Елде 103 адам ауруға шалдығып, бір адам ажал құшқан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныды. Соңғы деректерге сүйенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 128330 адамға жеткен. Қайтыс болғандар саны — 4742 адам.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр