5 наурызда белсенді Әлия Әбілқайырованы Орал қаласының әкімшілік соты «ұсақ алаяқтықпен айналысты» деген айыппен 9 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Былтыр желтоқсан айында өткен апелляциялық сот шешімінен кейін белсенді орыс қаламгері Александр Грибоедовтың шығармасынан үзінді оқыған. Айыпталушының сөзіне қарағанда, сотқа қатысушылар қол шапалақтап қолдау танытқан, десе де оған ешқандай шағым-ескерту болмаған.
Өткен жылдың 19 желтоқсанында облыстық сот Әлия Әбілқайырованың апелляциялық шағымын қараған еді. Белсенді «полиция талабына бағынбау» ісіне байланысты әкімшілік сот шешімімен келіспей арыз түсірген. Апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.
– Сот шешімін естіп, қатты күйзелдім. Сот залынан шығып, басымдағы ақ орамалды шешіп тастадым. Жақында анам қайтыс болып, тағып жүрген едім. «Масқара» деп айқайлап, Чацкийдің монологын оқи бастадым. ...Билікті жақтайтын сот және құқық қорғау орган жүйесіне қарата «Масқара!», «Қарғыс атсын» деп айтқаным рас. Бірақ жекелеген адамдарға тіл тигізген жоқпын, – деген Әбілқайырова кешегі сот отырысында да өлең оқыды.
Азаттықтың хабарлауынша, Әбілқайырова өзіне тағылған «тәртіп бұзды, сот приставтарына тіл тигізді» деген айыптармен келіспейтінін айтып, приставтармен мүлдем тілдеспегенін жеткізді.
Адвокаттың айтуынша, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан және хаттама толтыру кезінде заң бұзылғандықтан соттан әкімшілік өндірісті тоқтатуды талап етті. Руслан Шағатаев қоғам белсендісінің «ұсақ аляқтық» жасамағанын дәлелдейтін сот процесінің бейнежазбасын көруге болатынын айтады.
Судья Құрмашев айыпталушыны кінәлі деп тауып, оған 9300 теңге көлемінде айыппұл салды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі