Солтүстік Корея Орталық ақпараттық агенттігі 1 сәуір күні таратқан хабарында, КХДР басшысы Ким Чен Ын Корей Халық армиясының танк қосынының турнирін тамашалаған. Ол Халық армиясы танк қосынының жауынгерлік сынақтарын бастан аяқ қадағалап, оларға «Корей Халық армиясының темір жұдырығы» деп баға берген.
Ким Чен Ын Солтүстік Корея қарулы күштерінің арнаулы жаттығу үстіндегі танк қосындарын аралап, резервуарлар арасында өткізіліп жатқан байқауды тамашалаған. Байқау аяқталғаннан кейін Ким Чен Ын танк қосындарының жауынгерлік қуатын жоғары бағалаған. Ол: « Біздің резервуарлар – нағыз бетке ұстар сайып қырандарымыз. Олар – Корей Халық армиясының темір жұдырығы», – жеп мақтаған.
Аталған турнирге 15 танк қосыны қатысқан. Жаттығу талаптарының бәрі де 3,6 шақырымдық жол үстінде жасалды. Танктер осы жолды бір-ақ рет жүріп өтеді және кедергілерден жалтарады. Сонымен бірге сегіз нысананы жоғары дәлдікте атып түсіруі керек болды.
Ким Чен Ынның мақтауынсыз-ақ, қытайлық бірнеше ақпарат құралдары Солтүстік Корей армиясы танк қосындарының бұл реткі турниріне жоғары баға беруде. Білікті жауынгерлерге жүктелген қиындығы аса жоғары жаттығу тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап шыққан. Тіпті «бұл қосын нағыз жауынгерлерден құралған қосын» деген мақтаулар да кездеседі. Қытайлық ресми БАҚ-тың Солтүстік Корея әскери қосындарының шаш бауын көтере сөйлейтін себебі – Корей түбегінде қалыптасқан жаңа жағдай, саяси ұстанымдары бір болған Солтүстік Корея мен Қытайдың одақтастығын нығайтып отыр. Осыған дейін астыртын қолдау көрсетіп келген Қытай ендігі жерде Солтүстік Кореяға ашықтан ашық қолдау көрсетуде. Себебі, Оңтүстік Кореяға қолдаушы болған АҚШ-тың Шығыс Азиядағы ықпалы күн санап жоғарылап келеді.
“The Qazaq Times”