Пәкістан тәліптерінің бір тармағы болып табылатын «Әл-Ахрар жамағаты» лаңкестік тобы осы елдің солтүстік-батысында шиіттер тұратын Парачинар қаласында орын алған жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды. Бұл туралы "Фарс" баспасөзі жазды.

«Әл-Ахрар жамағаты» лаңкестік тобы жұма күні бейне жолдау арқылы Пәкістанның ақпарат құралдарына бұл топтың Парачинарда бомба қойғанын хабарлады. Лаңкестік жарылыс жұма күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы тайпалық ауданының орталығы шиіттер тұратын Парачинар қаласында орын алды. Соның салдарынан кемінде 22 адам қаза тауып, 70 адам жараланды.

Жергілікті ақпарат көздері бұл жарылыстың Парачинар қаласындағы шиіттік діни рәсімдер орталығының маңына қойылған бомба салдарынан орын алғанын хабарлауда.

Парачинар Пәкістанның тайпалық аудандарында шиіттер тұратын шектеулі қалалардың бірі саналады. Қала Пәкістандағы Талибан тобы, Джахангуй армиясы, «Әл-Ахрар жамағаты» және басқа да экстремистік топтар тарапынан бірнеше рет шабуылға ұшырады.

“The Qazaq Times”