«Украина шығысында атысты тоқтату келісімі бұзылды» деп хабарлады, Украина шығысындағы үкіметке қарсы ұйымдар. Олардың айтуынша үкімет армиясы осы аймаққа қарата 24 сағат ішінде 57 оқ атып, елдің шығысында атысты тоқтатудың бітімін бұзған. Бұл туралы «Фарс.ақпарат» хабарлап отыр.
Десе де, үкімет армиясы мен оған қарсы ұйымдар осыған дейін кезек-кезек бір-бірінің атын атап, атысты тоқтату бітімін бұзды деп хабарлап келді. Қай тарапта болмасын, бітімді бұзды деген сылтаумен өзінің өзгеде әрекеттеріне жол ашуды көздейді. Бұл жолы үкімет армиясын кіналап отырған топ, үкімет армиясы артиллериялық қарулы күштер, танк және әуе-қорғаныс күштерінде іске қосты деп көрсетті. Екі жақтың қарсыласын айыптауда көленең тартатын келісімі болса – Украинаның шығысындаға атысты тоқтату, бітім орнату мақсатындағы Минск келісімі.
Бірлескен Ұлттар Ұйымы көрсеткен мәліметке сүйенер болсақ, 2014 жылдан бері қарай Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстардан 10 мың адам қаза тапқан.
“The Qazaq Times”