Әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен аға оқытушы, суретші-дизайнер, баспагер Бейсенбек Фуатұлы Серікбайдың 60 жас мерейтойына орай «Суретші, баспагер, дизайнер» атты шығармашылық көрме және «Қазіргі баспа ісі мен дизайн өнері» атты алқасөз өтті.
Шара Бейсен Серікбайдың жеке көрмесінің ашылуынан басталып, №230 мәжіліс залында кеңейтілген мәжіліске жалғасты. Жиынға Еуразиялық Дизайнерлер одағының Президенті Ермек Асылханов, Қазақстан Дизайнерлер Одағының президенті Қамбар Көшеров және еліміздегі алдыңғы қатарлы баспалардың басшылары мен газет-журналдардың редакторлары, ҚР Ұлттық Мемлекетік кітап палатасының басшылығы қатысты.






















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді