Сүриядағы соңғы жағдайларға байланысты Түркия мен Ресей қатынасы шиеленісіп кетуі мүмкін. Себебі, Сүрияның солтүстік батысындағы Идлиб провинциясында Ресей қолдауындағы Башар Асад күштері мен Түркия қолдауындағы көтерілісші қарулы топтар арасында қақтғыс жалғасып жатыр.
Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде Түркияны қарулы топтарға қолдау көрсетіп, Сүрия үкіметіне соққы жасады деп айыптаған. Бұған жауап ретінде Мәскеуге тиесілі күштер де көтерілісшілерге аяусыз соққылар жасаған.
Түркия да өз кезегінде Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштерге артиллериялық соққы бергенін нәтижесінде ондаған сүриялық әскердің көзін жойып, бес танк және екі әскери жүк көлігін талқандағанын мәлімдеді. Анкара өз мәлімдемесінде екі әскері қаза тапқаннан кейін Сүрияға қарсы соққы жасамауға шарасыз қалғанын айтты.
Ақпан айы басталғаннан кейін Сүрия үкімет армиясы Идлибті көтерілісші қарулы топтардан өзіне қайтарып алу үшін әскери әрекеттерге кіріскен еді. Бұған Түркия үкіметі қатты алаңдады және қарсылық білдірді. Идлиб провинциясы Түркия үшін стратегиялық маңызды аймақтың бірі. Оның үстіне Идлибте Сүрияның жер-жерінен бас сауғалай келген босқындарды қосқанда 3-4 млн халық тұрады. Егер бұл өңірде әлеуметтік тұрақсыздық басталса Түркия үшін үлкен қауіп ала келеді.
Бұған дейін Түркия президенті Сүрия мәселесі бойынша Ресеймен мәмілені қайта қарауы мүмкін екенін айтты. Мәскеудің Түркияны айыптай жасаған мәлімдемесінен кейін екі ел арасы алыстап, жанжалдар орын алуы мүмкін деген пікірлер бар.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді