Ошағы Қытайдан басталып әлемге тараған қатерлі коронавирус індетінен 1775 кісі көз жұмып, 71,3 мың адам жұқтырған.
Бүгін, дүйсенбі ҚХР-дің гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, 10,8 мың адам аурудан айыққан көрінеді.
Бұған дейін күні кеше, 16 ақпан, жексенбі күні ведомство 68,50 мың адам инфекция жұқтырып, 1665 науқас вирустан қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Ел аумағында ең көп зардап шеккен Хубэй провинциясында 58,1 мың адамға дерт жабысса, оның 1696 қаза тауып, 6639-ы сауыққан деседі. Ал оңтүстік аймақтағы Гуандунда 1,3 мыңнан астам, орталықтағы Хэнанда 1,2 мың және шығыстағы Чжэцхянда 1,1 мың науқас тіркеліпті.
Жексенбі күнгі жағдай бойынша, Бейжіңде 381 науқастың вирус жұқтырғаны анықталып, оның 114-і ауруханадан шығарылған. Сонымен қатар төрт азаматтың дерті дендеп кеткендіктен, ақ халаттылар ажалдан арашалай алмапты.
Соңғы ресми дерекке қарағанда, Қытайда ауру жұқтырушылармен қатынаста болған 150,5 мың адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Тағы 7,2 мың адам коронавирус күдігімен карантинге жатқызылды. Медицина мамандарының бағалауынша, елде 10,6 мың науқастың жағдайы тым ауыр екен.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр