«Чын Чиюшы қайда кетті?» Соңғы бірнеше күнде әлем елдеріндегі желі қолданушылары осы бір қытай журналиске іздеу салып жатыр. Ол Гонконг дағдарысы кезінен бастап әлемнің бірқатар еліне танымал болған. Әлеуметтік желі қолданушылары оны бейтарап ақпарат таратушы, азаматтық журналис ретінде біледі.
Ухан қаласында төтенше жағдай жарияланып, қалаға каранитн қойылған кезде Чын Чиюшы сол қалаға барып, әлем жұртшылығына Уханда не болып жатқаны туралы анық мәлімет беру үшін барғанын білдіріп видео жолдауын жасаған. Оның «Ши Жинпиңнің (Қытай басшысы) қайда кеткенін білмеймін, ал мен Уханға келдім» деген сөзі әлеуметтік желі де кең тарап кеткен болатын.
Бұдан 6 күн бұрын аталған журналист із-дерексіз жоғалып кеткен. Оған дейін журналис Ухандағы орталық емханадан және өзі тұратын қонақ үйден әр күні видео мәлімдемелер жасап тұрған болатын. Ал, бүгін оның досы әрі YouTube желісінде «Бейжіңдік жеке батыр» деген лақап атпен белгілі Қытай азаматы тікелей эфирде журналис Чынды қауіпсіздік қызметкерлері үй қамауына алғанын мәлімдеген. Ол және досының денсаулығы жақсы екенін айта келіп, өзінде бар барлық мәліметті айтып беру оның бас амандығына қауіп төндіретінін айтқан.
Чын жариялаған видео жолдаулар YouTube желісінде бірнеше миллион . Сондай-ақ, оның із дерексіз кетуі қытай тілді және бірқатар әлем елдерінің желі қолданушылары арасында талқы тақырыбына айналған. Тіпті, кейбір желі қолданушылары журналис Чын Чиюшының жоғалып кетуі Қытай үкіметінің әлде нені жасырғысы келгенін, мүмкін вирус жағдайы ресми мәліметтерден әлде қайда ауыр екенінен дерек береді деп қарайды.