Ашғабадта тұрақты тіркелмеген, аймақтардан келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар шығарылып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, өткен аптада билік өкілдері қаладағы мемлекеттік мекемелерге рейд жүргізіп, Ашғабадта тұрақты тіркелмеген қызметкерлерді жұмыстан шығаруды талап еткен.
"Дүйсенбі күні бірнеше мекеме аймақтардан келіп істеп жатқан қызметкерлерін жұмыстан шығарды", - дейді тілші.
Түркіменстанда аймақтардан келген, тұрақты тіркелмеген азаматтарды ел астанасынан шығару соңғы жылдары жүйелі іске айналған. Мұндай көрініс көбінесе мемлекеттік мәні бар мейрамдар мен іс-шаралар алдында байқалады.
Түркіменстанда халық саны, миграция туралы ресми статистикалық мәліметтер ашық жарияланбайды.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті