Әлия Назарбаеваның бұрынғы күйеуі, Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың тұңғышы Айдар Ақаев 5 ақпанда көз жұмды. 24.kg қырғыз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 44 жастағы Асқар Ақаев Мәскеуде жүрегі сыр беріп қайтыс болған. Дәрігерлер көмектесіп үлгермеді.
Айдар Ақаев 1998 жылы Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға үйленді. Бірақ үш жылдан соң жұбы жараспай, айырылысқан.
Ақаев 1999 жылы Бішкектегі «Казкоммерцбанк» АҚ төрағасы қызметінде, кейін Қырғызстан қаржы министрінің кеңесшісі, Ұлттық олимпиада комитеті мен Бокс федерациясының басшысы лауазымында болған. Ал Мәскеуге қоныс ауарған соң бірыңғай бизнеспен айналысқан көрінеді.
2005 жылы 24 наурызда Қырғыз еліндегі жаппай нарзылықтан қашып шыққан Асқар Ақаевтың төрт баласы бар: Бермет, Айдар, Сағадат және Ілім.
Бермет пен Айдар Ақаевтардың жоғарғы кеңес пен «Алға, Қырғызтан!» партиясының депутаттық мандатын иеленуі елдің қарсылығын тудырған болатын. Жалпыхалықтық сипат алған ауқымды митинг соңы ақ үйді басып алуымен, экс-президенттің отбасымен Ресейді паналап кетуімен аяқталған еді.
Әлия Назарбаева 2002 жылы бизнесмен Данияр Хасеновке тұрмысқа шықты. Олардың екі қызы, бір ұлы бар.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр