Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу мәселесі бойынша бірқатар шешім қабылдады. Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша:
- 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды; 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;
- 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады;
- ҚХР азаматтарына виза беру тоқтатылды;
- 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Қазақстан астанасына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады;
- 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.
Бірлеске комиссия «елдегі жағдай жіті бақылауда» екенін, сондай-ақ қатерлі коронавирус дертіне ел бойынша әзірге ешбір азамат шалдықпағанын жеткізді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел