Шанхай полициясы ҚҚС (қосылған құн салығын) қайтаруға байланысты жалған шоттарды құрастырып, 1 миллиард юань (145 миллион АҚШ доллары) ақшаны заңсыз иемденген қылмыстық жүйенің қатысушыларын құрықтады деп хабарлайды Shanghai Daily газеті.
Полиция қызметкерлері жүргізген рейд нәтижесінде 10 күдікті ұсталып, қылмыс орнынан жалған чектерді басып шығаратын баспа аппараты тәркіленген болатын.
Осы уақытқа дейін де кәсіпке байланысты кеңес беруші оннан астам жалған компания тіркелген еді. Алаяқтарға компаниялар жұмсалған қаражаттың жартысын өндіріп алуға мүмкіндік беретін жалған шот-фактура жасады деген айып тағылып отыр.
"The Qazaq Times"