Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов тергеуге алынды.
Караван газетінің хабарлауынша, Сәкен Жасұзақовпен бірге бірқатар жоғары лауазымды әскери шенділер тергеуге алынған. Бірақ олардың аттары әзірге жұмбақ. Құзырлы органдар ешқандай мәлімдеме жасай қоймады.
Жасұзақов Сәкен Әділханұлы 1957 жылы қазіргі Түркістан облысында туған. Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі бас штабының бөлім басшысы (1992-1994 ж), ҚР Қарулы күштері бас штаб басшысының орынбасары (1996-2000 ж), ҚР Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы (2000-2002 ж), Мобилді күштер басшысы (2002-2003 ж), «Шығыс» аймақтық әскери бөлімінің басшысы (2004-2007 ж), Құрлық әскерінің басшысы (2009-2016 ж), ҚР Қорғаныс министрі (2016-2018 ж), Қорғаныс ұлттық университетінің басшысы (2018-2019 ж) қызметтерін атқарған. 2019 жылы Арыс оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен отставкаға кеткен.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр