Оңтүстік кореялық инвесторлар Қазақстанда никель өндіретін зауыт салу жөнінде ұсыныс білдірді.
Аталған компаниясының президенті Пак Мин Гю: «Технологиямыз кендегі никельдің барлығын дерлік алып тастауға мүмкіндік береді. Қалдықтардан пайдалы ресурстар алынады және мұндай өндіріс Қазақстан экономикасына үлкен көмек. Технология тартылатын инвестиция басқаларға қарағанда жиырма пайызға аз. Ал табысы жиырма есе көп. Реакторлар полимерлі материалдан жасалған. Бұл өндіріс шығындарын азайтады», – дейді.
Отандық баспасөз құралдарының хабарлауынша, никель зауыты Кванъян еркін экономикалық аймағында орналасқан. Қазір бұл өндіріс Индонезиямен де келісімшарт жасасқан. Онда никель кенін өңдейтін зауыт салынады. Индонезия кенінде никель 1,5%. Жаңа технологиялардың арқасында бұл зауытта никельден басқа кремний, магний және темір өндеуге болады.
Қазақстанда никель Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында өндіріледі. Компания өкілдерінің айтуынша, елдегі өндіріске жаңа технологиялар енгізілсе үлкен табыс әкеледі.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді