Еурокомиссия Женевада тұңғыш рет Жаһандық босқындар форумын ұйымдастырды. Форумда 2020 жылы Еуропалық одақ елдері қоныс аудару бағдарламасы бойынша 30 мыңнан астам босқынды қабылдайтыны мәлім болды.
Қоныс аудару бағдарламасының басты мақсаты Еуроодақ құрамына кірмейтін мемлекеттерде халықаралық қорғауды қажет ететін адамдарды анықтап, көмек көрсету. Сонымен қатар оларды Еуропа елдерінің біріне қоныс аудартып, босқын мәртебесін беру. Аталған құжат заңсыз көші-қон, миграция мәселелерін реттеуге бағытталған.
Еурокомиссия ұсынған ресми мәліметтер бойынша келер жылы Түркия, Иордания, Ливан, Нигер, Руданда және Жеророта теңізі елдерінен келген босқындар саны жылдағыдан артпақ. Босқындар мен жергілікті тұрғындан арасында қақтығыстар орын алмауы үшін қазірден бастап арнайы бағдарламалар таныстырылады.
2015 жылдан бері қоныс аудару бағдарламасына сәйкес жалпы саны 65 мыңнан астам адам Еуроодақ елдеріне қоныс аударған. Қабылдаушы ел әр босқын үшін Еурокомиссия бекіткен бюджеттен 10 мың еуро қаржы алады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы