27 наурыз, Германияда құны 1 миллион АҚШ доллары тұратын, алтын монета ұрланған. Сап алтыннан жасалған бұл монетаның салмағы 100 кг. Шетелдік БАҚ-тың хабарына қарағанда, құнды монета Германия астанасы Берлиндегі «Bode» мұражайында сақтаулы тұрған жерінен ұрланған. Бұл туралы қытайлық «Шинхуа»-ның ресми сайты хабарлап отыр.

Әлемдегі ең қымбат монета. Фото: Free-Bullion
Құнды монетаның аты «Үйеңкі жапырағы». Теріс бетіне үйеңкі жапырағы бедерленген. Оң бетінде Елизавета II-ның бас суреті бейнеленген. Алтынның тазалығы 99,999 % болып, Канада корольдік валюта жасау орталығында жасалған. Әлемдегі ең құнды валюта ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Аталған мұражай бұл монетаның құнын $ 1 миллион деп тізімдеген екен. Алайда 100 килограмм сап алтынның таза құны, қазірдің өзінде шамамен 4,5 млн АҚШ долларына тура келеді. Жергілікті үкімет пен полиция тараулары қылмысты тексеру үстінде, десе де, нақты қылмыс күмәндісі мен қылмысқа қатысты деректерді көрсе те алмай отыр.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау