Украина президенті Владимир Зеленский «Киев өз территориясын бөліспейді және ешқашан федерализацияға жол бермейді» деп мәлімдеді.
«Норманд төрттігі» саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ол: «Украина – унитарлы мемлекет. Мен Украина президенті ретінде елдің ешқашан бөлінбейтінін және украин халқы біртұтас екендігін баса айтқым келеді. Федерация құрамына ену туралы ой туындамай-ақ қойсын. Украина тәуелсіз, дербес және демократиялық мемлекет», – деп атап өтті.
Сондай-ақ, Зеленский сөзінде «Украинаның шығысындағы жағдайды халықаралық тұрғыда шешу мүмкін емес, әрбір украин үшін Донбасс пен Қырым – Украина жері», – деді.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда Парижде «Норманд төрттігі» өкілдері бас қосты. «Норманд төрттігі» саммиті – Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті