Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Қытай азаматтарынан 2 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қарашада Қытай азаматтары Атырау қаласында заңсыз еңбек қызметін жалғастыру үшін пара ұсынған. Сонымен қатар ҚХР азаматтары комитет қызметкерлеріне алдағы уақытта да «қамқорлық көрсеткені» үшін ай сайын 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы бермек болған.
Ведомство өкілдері таратқан ресми мәлімдемеде: «2019 жылдың 19-шы қарашасында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Атырау облыстық департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тереу сотының санкциясымен ҰҚК қызметкеріне 2 миллион теңге пара беру барысында екі Қытай азаматы ұстап, тергеу изоляторына қамады», – делінген.
Күдіктілер кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті