«Алматыметроқұрылыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов күдікті ретінде ұсталды.

27 қараша күні Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтылған хабардан соң жұмысшылар жаңа станциялар құрылысындағы мәселелерді баяндады.

Компания қызмекерлері компания басшысының ұсталуына байланысты инвесторлар жобадан бас тартады және еңбекақы төлеуде мәселелер туындайды деп алаңдауда.

Қайрат Реимовтің ұсталуы туралы ақпаратты оның адвокаты Әлімжан Оралбай растап отыр. Оның айтуынша, Реимов 27 қараша таңертеңгілік Алматы полиция департаментінің ғимаратында ұсталған. Ол іске күдікті ретінде тартылған.

Реимовтің адвокаты Әлімжан Оралбай оны 27 қарашада таңертең ұстағанын, оның қазіргі мәртебесі күдікті екенін айтқан.

Адвокат Әлімжан Оралбайдың сөзінше, Реимов екі-үш күнде босатылады:

– Тергеуші оны жауап алуға шақырды. Сол кезде ұстау туралы айтылды. Ол қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес уақытша ұстау изоляторында екі тәулік болады. Осы уақытта тергеуші Реимовқа қатысты сотқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш жасауы тиіс, – деді.

Кеше кешке «Алматыметроқұрылыс» компаниясының жүзге жуық жұмысшысы «Сарыарқа» метро бекетінде жиналып, Реимовтің ұсталуына қарсылық танытқан. Олар Реимовтің күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарғанын айтып, оның ұсталуы метроның екі бекеті құрылысының тоқтап қалуына әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеген. Ресми орындар әзірге ақпаратқа байланысты түсініктеме бермеді.

БАҚ беттерінде белгілі болғандай, көктем кезінде Реимовтің үстінен «ақша жымқыру», «алаяқтық» фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. «Алматыметроқұрылыс» компаниясының қызметкерлері қазан айында да «Реимовтің ісіне» қоғамның назарын аудартуға тырысқан. Қазанның 28-і Алматыда баспасөз жиынын өткізген Қайрат Реимов өзіне қарсы қозғалған істің «тапсырыс» екенін айтқан.

"The Qazaq Times"