Бүгінгі таңда Ирак пен Сүрия аумағында жүзге тарта қазақстандық жүргені белгілі болды.
Азаттық сұрау салдырған ҰҚК-нің жауабында соғыс аймағында Қазақстанның 90-нан астам азаматы бар екені атылған. Оның 63%-ы әйелдер көрінеді. Жүрге тарта кісінің 15-і (екеуі ер адам) лагерьлер мен түрмелерде және 6 әйел Иракта қамауда отыр.
Жауапты органның дерегіне қарағанда, Ирак-Сүрия аймағынан 277 ересек адам (57 ер адам, 220 әйел адам) және 547 кәмелет жасқа толмаған бала кері қайтарылған. Олардың қатарында 44 азаматқа (34 ер адам, 10 әйел адам) «террор топқа және шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты», «терроризмді насихаттады және қаржыландырды» деген айыппен бір жылдан 11 жылға дейін бостандықтарынан айырылған.
Діни радикализмнің ірі ошағына айналған аймақтатардан оралған 198 әйел мен 545 бала Қазақстанның бейімдеу-оңалту орталықтарында болған.
Биыл Қазақстан тарапы бірнеше кезеңнен тұратын «Жусан» эвакуациялау операциясымен барлығы 357 қазақстандық бала елге жеткізілген. Таратып айтқанда, 9 қаңтарда «Жусан-1» Қазақстанның 47 азаматы, 7 және 9 мамыр күндері «Жусан-2» 231 азамат, олардың 159-ы – бала, ал соңғы «Жусан-3» операциясымен 28-31 мамырда 67 әйел, 171 бала Сүриядан оралған еді.
Қарашның басында өткен Қазақстан Дінтанушыларының ХІ форумында ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары Сергей Швейкин Қазақстандағы деструктивті ағымды ұстанушылардың саны 20 мыңнан асатынын мәлімдеген еді. Былтыр шілдеде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сүрия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған болатын.